Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Жәнібекке чемпиондық титулдарынан бас тартуы керек»: танымал сарапшы кеңес берді

29.03.2024, 10:57

Маман жаңа салмаққа ауысу туралы айтты

«Жәнібекке чемпиондық титулдарынан бас тартуы керек»: танымал сарапшы кеңес берді
Instagram/janibek_alimkhanuly

Boxingnews24.com авторларының бірі Дэн Эмброуз қазақстандық кәсіпқой боксшының мүмкіндігі туралы айтты. Оның айтуынша, WBO және IBF нұсқаларында әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жоғары салмаққа ауысса әлдеқайда табысты болар еді.

«Қазақ стилінің» авторы жақында WBC нұсқасы бойынша уақытша супер орта салмақта әлем чемпионы Дэвид Бенавидесті жекпе-жекке шақырған болатын. Тіпті, келіскен жағдайда оның салмағына көтерілуге әзір екенін атаған еді.

«IBF/WBO орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенавидеспен жекпе-жекке шығу үшін екінші орта дивизионға көтерілуге дайын. Бұл жекпе-жек екі боксшы үшін өте маңызды. Жәнібек Бенавидеспен жекпе-жекке шықпаса да, оған орта салмақтағы екі белдіктен бас тартып, көп ақша табуға болатын супер орта деңгейдегі науқанды бастаған дұрыс болар еді. Бенавидеспен 168 фунт жекпе-жектен басқа, Жәнібектің осы салмақта бірнеше маңызды қарсыластары да пайда болар еді. Олар: Эдгар Берланга, Кристиан Мбилли, Диего Пачеко, Калеб Плант, Хайме Мунгия, Дэвид Моррель, "Канело" Альварес сынды саңлақтар. Әлімханұлының бұлармен айқасуға әлеуеті жеткілікті. Ал оның қазіргі салмақтағы дивионы "тыныштықта" жатқан деңгей», - деді Дэн Эмброуз.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы рингке соңғы рет былтыр қазан айында шыққан болатын. Содан бері ол өзіне лайықты қарсылас таппай келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам