Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Титулымды тартып алам»: Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген неміс боксшысы төрешілерге наразы

30.10.2023, 12:23

Ол өзіне тиесілі титулды кері қайтаруға уәде берді

«Титулымды тартып алам»: Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген неміс боксшысы төрешілерге наразы
Instagram/janibek_alimkhanuly

Жуырда ғана АҚШ-та қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасып жеңіліп қалған неміс Винченцо Гуальтьери аталған жекпе-жектің нәтижесі әділ болмағанын айтып отыр.

Есте болса, сол кездесуде Жәнібектің WBO белбеуі мен Винченцоның IBF белбеуі бәске тігілген еді. Алтыншы раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен жерлесіміз қос белбеуді де қанжығасына байлады.

Ал, неміс боксшысы болса техникалық нокаут болған жоқ дейді. Төреші жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатып асығыстық жасаған-мыс.

«Бұл менің жылым болуы керек еді… IBF титулын жеңіп алғаннан үш айдан кейін екінші белбеуді иеленуіме болар еді. Өкінішке қарай, олай болмады. Менің ойымша, рефери жекпе-жекті тым ерте тоқтатып тастады. Жағдайым соншама жаман емес еді. Таң қалып отырмын. Бірақ, мен қайта оралам, өзіме тиесіліні тартып аламын, әлем чемпионы титулын да қоса аламын», – деп жазды Гуальтьери әлеуметтік желідегі парақшасында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам