Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақстанның ең сұлу боксшысы Ангелина Лукас Стамбұлдағы жекпе-жекте жеңіліп қалды

30.10.2023, 11:24

Оның енді ешқандай титулы жоқ

Қазақстанның ең сұлу боксшысы Ангелина Лукас Стамбұлдағы жекпе-жекте жеңіліп қалды
Instagram

Кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас карьерасында алғаш рет жеңілістің дәмін татты. WBC Silver чемпиондық титулы үшін жұдырықтасқан жерлесіміз Чили боксшысы Даниэла Асенхоға есе жіберді.

Бокс кеші Стамбұлда өткен болатын. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болып, оның нәтижесінде төрешілер жеңісті Асенхоға берді.

Ангелина Лукас бұл нәтижемен келіспейтінін айтып отыр.

“Төрешілердің қағазында 1-7 раунд аралығында менің жеңгенім көрсетілген. Рефери сондықтан менің қолымды көтерді. Кейін супервайзер оған бірнәрсе айтып еді, ол қарсыласымның қолын көтерді. Жекпе-жектен кейін төрешілердің қағаздары толық өзгертілді”, – деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

26 жастағы Лукас кәсіпқой бокста алты жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетсе, Асенхо 18 жекпе-жектің 15-де жеңімпаз атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам