Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Боксшылардың әлемдік рейтингінде Өзбекстан Қазақстанның алдына шықты

02.04.2024, 12:02

Алғашқы ондықта Сәкен Бибосынов пен Аслан Шымбергенов бар

Боксшылардың әлемдік рейтингінде Өзбекстан Қазақстанның алдына шықты
Podrobno.uz

Боксқа арналған танымал BoxRec порталы әуесқой боксшылар арасында үздіктердің рейтингін жариялады.

2024 жылдың 1 сәуіріндегі мәліметі бойынша, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Хасонбой Дусматов көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Габил Мамедов болса, үздік үштікті француз Софьян Умиа түйіндейді.

Қазақстан боксшыларынан Сәкен Бибосынов бесінші орынға жайғасқан. Ал құрама капитаны Асланбек Шымбергенов тоғызыншы орында. Сонымен қатар ТОП-20 қатарында Махмұд Сабырхан бар (14-ші орын).

Әуесқой боксшылар арасындағы ТОП-10:

  1. Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
  2. Габил Мамедов (Ресей)
  3. Софьян Умиа (Франция)
  4. Руслан Абдуллаев (Өзбекстан)
  5. Сәкен Бибосынов (Қазақстан)
  6. Джамал Харви (АҚШ)
  7. Всеволод Шумков (Ресей)
  8. Муслим Гаджимагомедов (Ресей)
  9. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан)
  10. Чинзориг Баатарсух (Моңғолия).
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам