Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қазақстанның үздік боксшылары белгілі болды

02.04.2024, 12:17

Көш басында – Сәкен Бибосынов

Қазақстанның үздік боксшылары белгілі болды
Қазақстан бокс федерациясы

Boxrec.com сайты бокстан Қазақстан құрамасының үздік спортшыларының есімін жариялады. Қазіргі уақытта ел намысын қорған жүрген спортшылар арасында Сәкен Бибосынов көш басында тұр. 

Sports.kz-тің жазуынша, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегерінің нәтижесі өте жоғары. Оның көрсеткіші 69-21 деп бағаланған. 2021 жылы әлем чемпион атанған отандасымыз биыл Италияда Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген еді. Екінші сатыда әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов тұр. Ол 2022 жылы Азия чемпионы атанса, былтыр Азия Ойындарында қола медальға ие болған (99-20). 

Үшінші сатыда әлем чемпионы Махмұд Сабырханның есімі аталды (66-8). Ол 2021 жылы әлем чемпионатында және 2022 жылы Азия чемпионатында күміс медальға қол жеткізді. Дегенмен, былтыр Ташкентте өткен сында әлем чемпионы атанып, 54 келіде үздік екенін дәлелдей алды.

Үздік ондықта Нұрбек Оралбай (56-14), Серік Теміржанов (49-21), Санжар Тәшкенбай (38-6), Дулат Бекбауов (38-15), Айбек Оралбай (53-7), Ертуған Зейнуллинов (31-13), Бекзат Нұрдаулетовтің (51-15) есімі бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам