Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Төрехан Сабырхан Астанадағы спаррингтік турнирге қатыспайды

04.04.2024, 20:49

Ол биыл елімізде өтетін жастар арасындағы Азия біріншілігіне қатысады

Төрехан Сабырхан Астанадағы спаррингтік турнирге қатыспайды
Қазақстан бокс федерациясы

Астанада 8-10 сәуір күндері өтетін спаррингтік турнирге 63,5 келіде қатысатын боксшылар саны қысқарды.

Бұл салмақта жастар құрамасында өнер көрсететін Төрехан Сабырханға Олимпиаданың лицензиялық турниріне жолдама беретін спаррингтік жекпе-жектерге қатысуы тиіс болған еді. Алайда, ол 19 жасқа толмауына байланысты аталған сыннан тыс қалғалы отыр.

Бұл туралы спорт журналисі Уәлихан Қосанбай жазды

«ХОК ережесі бойынша бокстан Олимпиадаға сайыс өтетін жылдың 1 қаңтарында 19 жасқа толған боксшы ғана қатыса алады. Ал дәл қазір Төреханның жасы 18-де! Сол үшін ол Олимпиадаға қатыса алмайды. Осыған дейін мен ол туралы жазғанда көбісі "Неге олай жазасың? Көре алмайсың ба?" деген сияқты пікірлер жазды. Мен Төреханның жанкүйерімін. Оған тек сәттілік тілеймін. Тек ХОК ережесінде осындай дүние бар екенін айтқан едім», - деді журналист.

Оның пайымынша, Төреханды онда бапкерлер тәжірибе жинап, ересектер арасында өнер көрсетуге қаншалықты дайын екенін тексеру үшін тізімге қосқан болуы мүмкін.

Сондай-ақ, Төрехан Сабырхан биыл елімізде өтетін жастар арасындағы Азия біріншілігіне қатысады.

Бұған дейін әйелдер арасында 54 келіде спаррингтік турнирге қатысатын боксшылардың бірі Ангелина Лукас өз жоспарына байланысты бас тартқан еді. Оның орнына әлем чемпионы Дина Жоламан өз мүмкіндігін байқап көрмек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам