Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Бокстан лицензиялық турнирге баратын әйелдер құрамасының үздіктері белгілі болды

10.04.2024, 17:42

Тайландқа Қазақстаннан бес боксшы барады

Бокстан лицензиялық турнирге баратын әйелдер құрамасының үздіктері белгілі болды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде 54, 66, 75 келіде Олимпиада жолдамасы үшін өтетін жарысқа баратын бокшсылар есімі анықталды.

54 келіде өткен финалдық сында Ұлжан Сәрсенбек Сымбат Әлиасқарды төрешілер шешімі бойынша жеңді.

Ал, 66 келінің финалдық сынында Наталья Богданова Жасмин Қизатованы ұтты. Осылайша Наталья Богданова үшінші рет Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысқалы отыр.

Отандасымыз былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындары мен Италиядағы әлемдік лицензиялық турнирде өз мүмкіндігін сынап, жолдамаға ие бола алмады.

Әйелдер арасында 75 келі салмақ дәрежесінде финалда Валентина Хальзова мен Гүлсая Ержан кездесіп, екеуі де аянып қалмады.

Алайда, шешуші кездесуде әлем чемпионы, тәжірибелі Хальзова өз мүмкіндігін сәтті пайдалана алды. Ол бұған дейін Италиядағы іріктеу турнирінің ширек финалында сүрінген-тін.

Бокстан Париж Олимпиадасына жолдама беретін соңғы лицензиялық турнир мамыр айының 20 мен маусым айының 4 күндері аралығында Бангкокте өтеді. Бұл сынға Қазақстан боксшылары арасында 5 боксшы барады. Олардың бірі ерлер құрамасының өкілі болса, қалған төртеуі әйел боксшылар.

Осыған дейін әйелдер құрамасынан 57 келіде Карина Ибрагимова Қытайда өткен Азия Ойындарында Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан ерлер құрамасының алты боксшысы лицензияға қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам