Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада жолдамасына таласатын болды

10.04.2024, 17:36

Ол бұған дейінгі мүмкіндігін пайдалана алмаған еді

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада жолдамасына таласатын болды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан 63,5 келіде лицензиялық турнирге баратын боксшы есімі белгілі болды. Астанада аяқталған спаррингтік турнирдің финалында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Дулат Бекбауовты төрешілер шешімі бойынша жеңді.

Маңызды жекпе-жекте Мұхаммедсабыр 67 келіден төменгі салмаққа ауысқан Дулат Бекбауовқа мүмкіндік бермеді.

Осылайша ол мамыр айының соңына таман Таиландта өтетін Париж Олимпиадасының лицензиялық турниріне барады.

Бұған дейін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы іріктеу кезеңінде Ертуған Зейнуллиновті ұтса, жартылай финалда Жандос Қарабалиевтен басым түсті.

Ал, Дулат Бекбауов әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановты ұтқан болатын.

Сондай-ақ, спаррингтік турнирдің алғашқы күнінде Назым Қызайбай өзінің командалық әріптесі Алуа Балқыбекованы жеңіп, Бангкоктегі турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам