![Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/04/15/661cc642b14c8307613467.jpg)
Ол өз салмағында әлемнің абсолютті чемпионы болуды көздейді
Кәсіпқой бокстан қыздар арасында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Ангелина Лукас (8-1) келесі жекпе-жегін үнді боксшысына қарсы өткізеді.
Бұл сында бәске WIBF чемпиондық титулы тігіледі. Бұл туралы Лукастың өзі Instagram-парақшасында жазды. Оның айтуынша, қарсыласы әлсіз емес – алты жекпе-жектің бесеуін жеңген Мамта Сингх. Кездесу Тайландта өтеді.
«Абсолютті чемпион болуға кірістім. Ол үшін IBF, IBO, WIBF, WBO, WBC, WBA, WBF белбеулерінің бәрін біріктіруім керек. Сондықтан, бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды. 10 раундқа жоспарланған төбелеске дайындалып жатырмын. Қарсыласым мықты», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, жекпе-жек 25 сәуірде болады. Ангелина Лукас қазақстандықтарды өзіне қолдау көрсетуге шақырды.