Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Біз сіздермен біргеміз»: Сауль Альварес қазақстандықтарға көңіл айтты

15.04.2024, 00:26

Мексиканың даңқты боксшысы қазақ халқын ерекше құрметтейді

«Біз сіздермен біргеміз»: Сауль Альварес қазақстандықтарға көңіл айтты
Katelyn Mulcahy/Getty Images

Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес тасқын судан зардап шеккен қазақстандықтарға көңіл айтты.

«Қазақстан халқына көңіл айтамын. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз», - деп жазды Альварес өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, даңқты мексикалық боксшыға Қазақстан халқы жат емес. Бұған дейін ол өз базасына қазақ боксшыларын шақырып, олармен бірге жаттығу жасаған болатын. Сондай-ақ, Наурыз мерекесінде біздің ел тұрғындарын қазақ тілінде құттықтаған. Ал, оның мансабындағы басты жекпе-жектерінің бірі қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткені баршаға мәлім.

Сәуір айының басынан бері Қазақстанның солтүстігі мен батыс өңірлерін тасқын су шайып жатыр. Адам шығыны бар. Мыңдаған мал қырылып қалды, олардың есебі әлі жүргізілген жоқ. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам