Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Санатәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысады

23.04.2024, 16:24

Ол Олимпиадаға қатысуға үмітті болған

Санатәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев SPORT+ каналына берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешім қабылдағанын айтты.

Ол бұған дейін әуесқой бокста ұлттық құрама сапында ұзақ жыл өнер көрсеткен болатын.

«Кәсіпқой боксқа ауысуды жоспарлап отырмын. Алланың қалауымен мамыр айында алғашқы айқасымды өткіземін. Негізі Белградтағы әлем чемпионатынан соң ауысуым керек болған, бірақ бапкерім Олимпиадада бақ сынап көрейік деген ұсыныс айтты. Сонан соң шешімді асықпай қабылдаймыз деп келістік. Менің салмағымда лицензиялық жарысқа басқа боксшы барғандықтан, кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешім қабылдадым. Айқасым қандай бокс кешінде өтетінін, қарсыласым кім болатынын алдағы уақытта айтамыз», – деді Төлтаев.

Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев Қазақстан құрамасы сапында екі әлем біріншілігіне (2021  жылы – Белград, Сербия, 2023 жылы – Ташкент, Өзбекстан) қатысты. Ал, оның сыңары Саматәлі кәсіпқой бокста өз дебютін жасап үлгерді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам