Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Әлімханұлының келесі жекпе жегінің күні мен орны анықталды

30.04.2024, 19:02

Әзірге қарсыласы кім болары белгісіз

Әлімханұлының келесі жекпе жегінің күні мен орны анықталды
Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды.

RingPolska сайты таратқан ақпаратқа сенсек, қазақстандық боксшы 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Қарсылыстың кім болатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Жәнібек пен доминикалық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) әлеуметтік желі арқылы бір-бірін жекпе-жекке шақырып, тіпті ауызша келіскен болатын. Адамес – орта салмақта WBC белбеуінің уақытша иесі.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериге (21-1-1, 7 КО) қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ал, Адамес былтыр маусым айында америкалық Джулиан Уильямсты (29-4-1, 17 КО) тоғызыншы раундта нокаутпен жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам