Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жанқош Тұраров пен Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінде төмендеді

02.05.2024, 12:58

Тағы екі боксшымыз өз орындарын сақтап қалды

Жанқош Тұраров пен Сұлтан Зауырбек WBA рейтингінде төмендеді
instagram.com/sultanzaurbek/

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өз рейтингін жаңартты. Тізімдегі қазақ спортшыларының үшеуі позициясын жоғалтқан деп хабарлайды 1bol.kz.

Атап айтқанда, орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров алтыдан жетінші сатыға төмендеді. Соңғы жекпе-жегін жерлесіміз былтыр желтоқсан айында Алматыда өткізіп, жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңген болатын. Содан бері ол рингке шыққан жоқ.

Сондай-ақ, алғашқы жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев та 11-ден 12-ші орынға төмендеген. Ол да соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда АҚШ-та өткізіп, төрешілер шешімімен француз боксшысы Мохамед Мимунды жеңген еді. 

Головкиннің ізбасары атанып кеткен Сұлтан Зауырбектің де рейтингтегі жағдайы мәз емес. Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін «Қазақ королі» төрттен бесінші орынға жылжыды. Сұлтан соңғы жекпе-жегін биыл наурызда Англияда колумбиялық боксшы Виктор Хулиоға қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, Иван Дычко 15-орнын, Бек Нұрмағанбет 10-орнын сақтап қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам