Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Данияр Елеусінов Олимпиаданы жеңген қолғабын сатып, ақшасын Палестина халқына бермек

06.11.2023, 23:26

Палестинаны Израиль әскері атқылап жатыр

Данияр Елеусінов Олимпиаданы жеңген қолғабын сатып, ақшасын Палестина халқына бермек
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов финалда жұдырықтасқан қолғабын қайырымдылық қорына берді. Аталған қор қолғапты аукцион арқылы сатып, түскен қаражатты Палестина халқына көмек ретінде жолдамақ.

Бұл туралы даңқты боксшы өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Рио төрінде өнер көрсеткен қолғабымды Палестинада жазықсыз жапа шегіп жатқан, қиналып жатқан халыққа, Асаруме қайырымдылық қорына сыйлағым келеді», - деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Рио олимпиадасынан кейін Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты. Ол шаршы алаңда 11 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Алайда, қазір өзінің менеджерлерімен соттасып, ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам