Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жеңіске жетсе әлем чемпионымен жекпе-жекке шығады

07.11.2023, 14:23

Ол алдымен Чили боксшысымен жұдырықтасады

Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жеңіске жетсе әлем чемпионымен жекпе-жекке шығады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте өтетін жекпе-жекте жеңіске жетсе, әлем чемпионы атануға бір табан жақындайды. Ол 17 қараша күні Чили спортшысы Хулио Аламоспен (16-1, 9 КО) рингке шығады.

Алдын ала келісім бойынша, отандасымыз неміс спортшысы Винсент Файгенбутцпен шығуы тиіс еді. Алайда оның оқыстан жарақат алуына байланысты Өзбекстанда өтетін кештегі қарсылас ауысып отыр. 

Сарапшылар пікірінше, чилилік Аламостың әлеуеті Нұрсұлтановтан бір мысқал да кем емес. Сондықтан, қос боксшының мүмкіндігі тең бағаланып, өзара мықтыны алдын ала болжау мүмкін емес дейді мамандар.

Айта кететін бір жайт, аталған кездесудің жеңімпазы WBC нұсқасында орта салмақ бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарлоға міндетті қарсылас атанады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам