Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Бокстан Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатынан 24 медаль алды

06.05.2024, 19:49

12 медальды ерлер, 12 медальды қыздар иеленген

Бокстан Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатынан 24 медаль алды
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншілеген.

Ерлер командасында 12 медаль бұйырды. Оның ішінде 5 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль бар.

Азия чемпионы атанғандар:

  • 60 келі. Алексей Хаванцев 
  • 67 келі. Төрехан Сабырхан 
  • 71 келі. Өнер Сейілхан 
  • 75 келі. Санжарәлі Бегалиев 
  • 80 келі. Мадияр Бексұлтанов.

Күміс медаль:

  • 86 келі: Иманғали Нұрпейіс.

Қола медаль иегерлері: 

  • 51 келі: Бексұлтан Боранбек
  • 54 келі: Нұрасыл Төлебек
  • 57 келі: Жансері Көшербаев
  • 63.5 келі: Ахмет Үсен
  • 92 келі: Расул Асанханов
  • +92 келі: Нұркелді Жұматай.

Қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 12 медаль иеленді: 6 алтын, 3 күміс, 3 қола.

Чемпиондар:

  • 54 келі:Аяжан Сыдық 
  • 57 келі:Аяжан Ермек 
  • 60 келі:Толғанай Қасымхан 
  • 66 келі:Ұлдана Таубай 
  • 75 келі:Шұғыла Нәлібай
  • 81 келі:Аружан Зейноллаева.

Күміс медаль: 

  • 52 келі: Бағжан Отынбай
  • 70 келі:Мария Сидоренко
  • +81 келі:Панар Сейітханқызы. 

Қола жүлдегерлер: 

  • 48 келі: Әнел Абдрасилова
  • 50 келі:Элянур Тұрғанова
  • 63 келі:Аружан Жаңабаева.

Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте енді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам