Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Энтони Джошуа Қазақстан боксына баға берді

10.05.2024, 11:33

Ағылшын боксшысы Олимпиада чемпионы болған, кәсіпқой бокста бірнеше тұжырымда әлем чемпионы болды

Энтони Джошуа Қазақстан боксына баға берді
talksport.com

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек SPORT+ каналына берген сұхбатында британиялық боксшы, аса ауыр салмақта IBF, WBA, WВО және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуамен бір лагерьде жаттыққаны туралы айтты.

«Өте қарапайым жігіт. Басында онымен амандаса аламын ба екен деп ойладым. Бірақ ол өзі қасыма келіп, құшақтап амандасып, бокс туралы біраз әңгімелестік. Ол Қазақстанның әуеқой боксын мақтады. Оның бапкері де біздің бокс туралы жылы лебізін білдірді», - деді Зауырбек.

Айта кетейік, Сұлтан өзінің 17 жекпе-жегінің көбін Англияда өткізді және оның бәрінде жеңіске жеткен. Қазақстандық боксшы 12 айқасын нокаутпен аяқтаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам