Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Сағындық Тағамбай кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін

10.05.2024, 10:04

Ол биыл Олимпиада жолдамасын беретін жарыстарға бара алмады

Сағындық Тағамбай кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан құрамасының 72 келідегі мүшесі Сағындық Тоғамбай 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

Тоғамбай жақында ғана Әзербайжан астанасы Бакуде өткен «Ұлы Жібек жолы» турнирінде жеңімпаз атанған. Ол финалда Әзербайжан атынан сынға түскен кубалық Лорен Альфонсо Домингесті айқын жеңді.

- «Ұлы жібек жолы» турнирі жоғары деңгейде өтті. Лорен Альфонсо Домингес – Әзербайжанның атын шығарып жүрген, әлем чемпионатының, Еуропа біріншілігі мен өзге де ірі турнирлердің чемпионы әрі жүлдегері. Өзіміз де соның боксына қарап өстік, 4-5 жыл бойы оны әбден зерттедік. Жеңеміз деп мақсат қойып, сол мақсатымызға жеттік.

 - Сені әдетте соққысы жойқын боксшылардың қатарына жатқызады. Кәсіпқой боксқа ауысқаны дұрыс деген пікірлер де естігенбіз. Өзіңде ондай ой жоқ па?

 - Негізгі мақсат Олимпиада ойындары еді, өкінішке қарай, Олимпиадаға бара алмаймын. Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасынан алыну мәселесі де талқыланып жатыр, сондықтан бақылап көреміз. Егер бағдарламадан алынса, онда сіздің айтқан нұсқаңызды қарастырамыз. Ұсыныстар түсіп жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам