Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Жәнібек Әлімханұлы мүлдем жеңілмеген боксшымен жұдырықтасатын болды

11.05.2024, 10:49

Әлем чемпиондары онымен жұдырықтасудан бас тартқан

Жәнібек Әлімханұлы мүлдем жеңілмеген боксшымен жұдырықтасатын болды
Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10К) келесі қарсыласы анықталды деп жазды спорт журналисі Уәлихан Қосанбай өзінің Facebook-парақшасында.

ESPN ақпараты бойынша, Qazaq Style келесі кездесуін 13 шілде күні Лас-Вегас қаласында Palma Casino Resort кешенінде Top Rank ұйымдастыратын кештің басты айқасында өткізеді. Оның оппоненті – IBF белбеуіне міндетті қарсылас болып тұрған Андрей Михайлович (21-0, 13) болады.

«Михайлович негізі Ресейді дүниеге келген. Кішкентай кезінде оны Жаңазеландиялық отбасы асырап алған. Ол осыған дейін кәсіпқой бокстағы барлық кездесуін Жаңа Зеландия жерінде өткізген», - деп жазды У.Қосанбай.

Еске салайық, соңғы жекпе-жегін Жәнібек өткен жылдың қазан айында өткізген болатын. Содан бері оның командасы лайықты қарсылас таппай келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам