Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан «Елорда кубогының» жартылай финалына шықты

14.05.2024, 15:31

Ол финалда Нұрбек Оралбаймен жолығуы мүмкін

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан «Елорда кубогының» жартылай финалына шықты
Синьхуа

Қытай атынан өнер көрсететін қандас боксшы Тоқтарбек Таңатхан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогын» сәтті бастады.

Ширек финалда Тоқтарбек үндістандық Санжай Санжаймен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақ баласы қарсыласын таза жеңді, тіпті үшінші раундта нокдаунға да түсірді. Осылайша, Тоқтарбек турнирдің жартылай финалына шықты.

Таңатхан 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Ханчжоудағы Азия ойындарында чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ал биыл кіші әлем біріншілігі саналатын «Странджа кубогында» топ жарды.

Айта кету керек, ол Ташкенттегі финалда отандасымыз Нұрбек Оралбайдан жеңілген. Дегенмен, Азия ойындарында есесін қайтарды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам