ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы жеңілісін неге мойындамады?

14.05.2024, 18:13

Ол төрешілер деңгейі төмен деп есептейді

Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы жеңілісін неге мойындамады?
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогында» екінші айқасын өткізді.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ол ирандық Сафари Роузбехпен кездесті. 

Қоңқабаев алғашқы раундта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмағанымен, екінші раундтан бастап ирандық боксшы да қарқынын үдете түсті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық былғары қолғап шеберіне берді.

Алайда, Роузбех мұндай шешіммен келіспей, төрешілікті төмен деп бағалады. Ал жанкүйерлер жеңістің Қоңқабаевқа берілуі әділетті деп санайды.

«Иран боксшысы төрешілерге несіне риза болмай тұр?», «Қолын неге төмен қаратып жатыр?», «Қой, таста, мына ирандық адам болмайды», «Қамшыбек аға, бұйыртса, чемпион», - деп жазып жатыр әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Қоңқабаев алғашқы айқасында қырғызстандық Бектұр Алимбек Уулуын жеңген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам