Қазан айында матч-реванш болуы мүмкін
Британ боксшысы Тайсон Фьюри әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін жекпе-жекте украиналық Александр Усиктен жеңілісін мойындамады. Сондықтан міндетті түрде қарымта матч болатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, 12 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде үш төрешінің екеуі жеңісті Усикке беріп, ол аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанды.
«Мен өзімнің жеңгеніме сенімдімін. Иә, кей раундтарды ол ұтты, бірақ, көп рауднта мен басым түстім. Бокста осындай шешімдер болады, амал нешік?! Оның елі өте қиын жағдайда соғысып жатыр, сондықтан жұрт Усиктің жағына шықты. Бірақ, мен өзімнің жеңгенімен сенімдімін.
Александрды құттықтаймын, құдай оған жар болсын. Мен одан қарымта матч талап етем, қазан айында біз рингке қайта оралуымыз керек», - деді әлемнің экс-чемпионы.