Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Тайсон Фьюри демалысын Украинада өткізбекші

20.05.2024, 11:35

Ол сондай-ақ, Усикті Англияда демалуға шақырды

Тайсон Фьюри демалысын Украинада өткізбекші
Чемпионат

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы британдық Тайсон Фьюри (34-1-1, 24 КО) украиналық қарсыласы Александр Усикке (22-0, 14 КО) қонаққа келгісі келетінін айтты.

Еске салайық, 18 мамырда қос боксшы Эр-Риядта жұдырықтасып, Усик жеңіске жеткен болатын. Ол аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

«Мен демалыста өз отбасымды алып сенің отаныңа келгім келеді, сенің отбасыңмен бірге демалайық. Сен сосын өз демалысыңды бізге кел», - деді Фьюри.

Украиналық боксшы оның бұл ұсынысын қабыл алды. «Проблема жоқ, досым» деп жауап берді ол.

Айта кетейік, екеуіара келісімге сәйкес, биыл қазан айында матч-реванш өтуі тиіс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам