Аталған жарыста барлығы алты боксшымыз сынға түседі
Таиланд астанасында ертең бокстан басталатын бүкіләлемдік лицензиялық турнирде сынға түсетін Қазақстан спортшыларының қарсыласы анықталды.
Ерлер арасында 63,5 келіде жолдамадан үмітті Мұхамедсабыр Базарбайұлы бірінші айналымда филиппиндік Кристиан Лаурентемен шеберлік байқасады. Жеңіске жеткен жағдай Армения және Түркия боксшылары жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Әйелдер арасында 50 келіде Назым Қызайбай Словакия өкілі Николе Дуриковамен кездеседі. Одан өтсе екінші айналымда Оңтүстік Корея боксшымен жұдырықтасады.
54 келіде Ұлжан Сәрсенбек бірінші айналымда бос. Ол АҚШ және Канада боксшыларының бірімен жұдырықтасады.
60 келіде Римма Волосенко германиялық спортшымен жеребеде жолы түйісті. Екінші айналымға шыққан жағдайда Үндістан-Моңғолия боксшыларының бірімен шеберлік байқасады.
66 келіде Наталья Богданова Сербия өкілі Кристина Кулуховаға қарсы шығады.
75 келіде Валентина Хальзова Украина боксшысы Каролина Махномен өзара мықтыны анықтайды.