Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Батыр Жүкембаев украиналық боксшыны нокаутпен жеңіп, титулын қорғады (ВИДЕО)

23.05.2024, 10:30

Қазақ боксшысы 2021 жылы пуэрторикалық боксшыдан жеңілгелі бері қатарынан 5 кездесуде жеңіске жетті

Батыр Жүкембаев украиналық боксшыны нокаутпен жеңіп, титулын қорғады (ВИДЕО)
x.com/Batyr777Boxing

Алғашқы жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 16 КО) кәсіпқой рингтегі 24-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өткен бокс кешінде жерлесіміз украиналық Иван Редкачпен (24-6-1, 19 КО) кездескен болатын. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Батырдың үздіксіз соққан соққыларына қарсыласы мүлдем жауап бере алмағандықтан рефери матчты тоқтатып тастады.

Бұл Жүкембаевтың кәсіпқой рингтегі 23-ші жеңісі. Ол сондай-ақ, WBA Continental North Americas титулын қорғады. Редкач болса жетінші рет жеңіліп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам