Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Боксшы Римма Волосенко лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

27.05.2024, 11:52

Бұған дейін Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Назым Қызайбай сәтті өнер көрсетті

Боксшы Римма Волосенко лицензиялық турнирді жеңіспен бастады
Қазақстан бокс федерациясы

Таиланда бокстан өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде Римма Волосенко алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті.

60 келіде сынға түсіп жатқан ұлттық құрама мүшесі Германия боксшысынан басым түсіп отыр. Осылайша ол келесі кезеңге жолдама алды.

Бұған дейін Бангкоктағы іріктеу бәсекесінде 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен әйелдер құрамасынан 50 келіде Назым Қызайбай алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен еді.

Маусым айына дейін созылатын бәсеке биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензия беретін соңғы жарыс саналады. Бұл турнирге Қазақстан атынан 6 боксшы аттанған. Олардың біреуі ерлер құрамасының өкілі болса, қалған бесеуі – әйел боксшылар.

Қазіргі уақытта Қазақстан боксшылары Олимпиадаға 7 жолдама иеленіп үлгерді. Оның ішінде Мырзағали Айтжанов баптайтын команда 6 жолдамаға қол жеткізсе, таяуда ғана әйелдер құрамасына бас бапкерлікке кіріскен Елдос Сайдалиннің шәкірттерінде жалғыз жолдама бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам