Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Жәнібек Әлімханұлы Мұхамед Әлидің жетістігін қайталамақ

27.05.2024, 14:50

Ол бұған дейін өз салмағында абсолютті чемпион болуды мақсат тұтатынын айтқан

Жәнібек Әлімханұлы Мұхамед Әлидің жетістігін қайталамақ
x.com/qazaqstyle

Кәсіпой бокстан WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) «бокс патшасы» Мұхамед Әли секілді тарихта атын қалдырмақшы. Бұл туралы ол әдеттегідей өзінің Twitter-парақшасында (қазіргі X әлеуметтік желісі) жазды.

Жәнібек Голливудтағы Мұхамед Әлидің жұлдызының жанында түскен фотосын жариялап, «Алла қаласа, мен де ол секілді тарихқа енемін» деп жазған.

Еске салайық, бұған дейін Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жекте өз атағын қорғайтыны белгілі болған. 

Қазақ боксшысы соңғы рет шаршы алаңға былтыр АҚШ-та шықты. Ол кезде жерлесіміз неміс Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта жеңіп, IBF атағын тартып алды. 

Михайлович сәуірде Аустралияда жергілікті боксшы Лес Шеррингтонды (39-18, 23 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам