Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Лицензиялық турнирінде жеңілген боксшы Ұлжан Сәрсенбек көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

28.05.2024, 17:44

Бұған дейін шаршы алаңға шыққан Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіске жеткен болатын

Лицензиялық турнирінде жеңілген боксшы Ұлжан Сәрсенбек көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
Қазақстан бокс федерациясы

Таиландта бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық Ұлжан Сәрсенбек АҚШ спортшысынан жеңіліп қалды.

54 келіде шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама мүшесі америкалық Шэра Мэй Матрициомен кездескен болатын. Үш раунд нәтижесінде төрешілер жеңісті оның қарсыласына берді. Ал, жекпе-жектен кейін ол көз жасына ерік беріп, өзі мақсатына жете алмағанына қынжылыс білдірді.

Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға шыққан Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіде түрік боксшысын ұтты. Сондай-ақ, бұған дейін Валентина Хальзова, Назым Қызайбай да қарсыластарынан басым түскен болатын. 

3 маусымға дейін жалғасатын турнирде енді 5 боксшы ары қарай сынға түседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам