Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Бахрейнге кеткен қазақ боксшысы Олимпиадаға жолдама ала алмады

30.05.2024, 21:16

Ол бұған дейін Италиядағы жарыста Сәкен Бибосыновтан жеңіліп қалған еді

Бахрейнге кеткен қазақ боксшысы Олимпиадаға жолдама ала алмады
Фото ашық дереккөзден

Бокстан Бахрейн атынан өнер көрсетіп жүрген қазақ Азат Махметов Париж Олимпиадасына бармайтын болды.

51 келінің өкілі Азат Бангкоктағы лизенциялық турнирде венесуэлалық Хосе Гонсалес Солорзаноға 0:5 есебімен жол берді.

Естеріңізде болса, Азат Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде де жеңілген болатын. Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған аламанда ол отандық бокстың белді мүшесі Сәкен Бибосыновқа есе жіберген. Айқас 4:1 есебімен Сәкеннің пайдасына шешіліп еді.

Қос боксшының жолы бұған дейін 2019 жылы Конфедерация кубогында түйісіп, ол кезде Бибосынов басым түскен.

Еске сала кетейік, Азат Махметов Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі, екі дүркін ел чемпионы. «Астана арландары» сапында өнер көрсеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам