Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Әйгілі Деонтей Уайлдердің жекпе-жегі сенсациямен аяқталды (ВИДЕО)

02.06.2024, 09:22

41 жастағы қытайлық боксшы әуесқой бокста қазақстандық Рустам Іргебаев пен Руслан Мырсатаевты жеңген

Әйгілі Деонтей Уайлдердің жекпе-жегі сенсациямен аяқталды (ВИДЕО)
Getty Images

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық Деонтей Уайлдер (43-4-1, 42 КО) қытайлық Чжан Чжилейден (27-2-1, 22 КО) нокаутпен жеңіліп қалды.

38 жастағы Уайлдер – WBC тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы. Ал, 41 жастағы Чжилей чемпиондық титул иеленіп көрмеген.

Эр-Риядта өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Алайда, бесінші раундта күтпеген жерден соққы жіберіп алған Уайлдер аяқта тұра алмай, есеңгіреп қалды. Бұл сәтті жақсы пайдаланған қытайлық боксшы тағы бір ауыр соққысын дарытып, рефери кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Чжан Чжилей Олимпиада ойындарының (2008 жыл) күміс  жүлдегері, әлемнің екі дүркін қола жүлдегері. 2007 жылғы әлем чемпионатында ол қазақстандық Рустам Іргебаевты жеңсе, 2008 жылғы Олимпиадада Руслан Мырсатаевтан басым түскен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам