Абу-Дабиде төбелес шығарған 8 адам 150 мың дирхамнан төлеп, түрмеден шыққан

Абу-Даби соты 8 адамның 6 айлық түрме жазасын айыппұлмен алмастырды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Ресейлік файтер, PFL чемпионы Усман Нурмагомедов пен оның команда мүшелері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі түрмеден босатылады.

Абу-Даби соты 8 адамның 6 айлық түрме жазасын 150 мың дирхам (шамамен 18 миллион теңге) көлеміндегі айыппұлмен алмастырды. Бұл соманы әр сотталушы жеке төлейді.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, сот шешіміне жанжалға қатысқан тараптардың татуласуы және өзара шағымдарынан бас тартуы негіз болған. Сонымен қатар оқиғадан зардап шеккен тарап айыпталушыларды босату туралы өтініш білдірген.

11 қарашада Абу-Дабиде Мераб Двалишвили мен Усман Нурмагомедов бастаған топ арасында жаппай төбелес болған. Оқиға Усманның сұхбат беріп тұрған грузиялық файтердің бетінен шапалақпен ұруынан басталған. Кейін жанжалға Двалишвилидің досы Саба Лазишвили мен Нурмагомедовтің команда мүшелері де араласқан. Нәтижесінде сегіз адам ұсталған.

Кейін Хабиб Нурмагомедов жағдайды реттеу үшін БАӘ-ге барғаны хабарланды. Ал Мераб Двалишвили де Нурмагомедовтер мен олардың командасының босатылғанына қуанатынын айтып, оларға қолдау білдірген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам