Балаусаны Алматыда өтетін MMA кештерінен жиі көруге болады
Қазақстанның ең сұлу боксшы қыздарының бірі Балауса Мұздыман UFC-де кімге жанкүйер екенін айтты.
Қазақ боксшысы әлеуметтік желіде жанкүйерлерінің сұрағына жауап берген болатын. Сауалдардың бірі аралас жекпе-жек туралы болды. Өйткені, Балаусаның өзі Алматыда өтетін MMA кештеріне жиі барып тұрады.
«Менен көпшілік «ережесіз жекпе-жекті көресің бе?» деп жиі сұрайды. Ронда Роузи өнер көрсеткен кезде оның айқастарын өткізбей көретінмін. Қазір қазақстандық спортшылардың айқастарын көремін. UFC 302-де Махачевке жанкүйер болдым», - деді былғары қолғап шебері.
Айта кетейік, 2 маусымда жеңіл салмақтағы дағыстандық Ислам Махачев американдық Дастин Порьемен айқаста бесінші раундта жеңіске жетіп, өзінің атағын қорғады.
Ал, Балауса Мұздыман 1 маусымда Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде үндістандық Моника Сингхты бірінші раундтың 43-секундында нокаутқа түсірді.