Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысынан соңғы жекпе-жектерінің бәрінде жеңіліп қалған
2000 жылы Сидней Олимпиадасына бокстан Қазақстан құрамасын бастап барған белгілі бапкер Тұрсынғали Еділов Қазақстан боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевқа қатысты пікір білдірді деп жазады Sportarena.kz.
Білікті бапкер аса ауыр салмақта қазақ-өзбек текетіресі бола қалған жағдайда Жалоловқа қарсы қандай әзіс қолдану керегін айтты. Сонымен қатар, ол қазіргі бапкерлерді сынап, Қамшыбектің осал тұсына ерекше тоқталды.
«Қамшыбекте өткен жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының ширек финалында Жалаловты жеңуге нақты мүмкіндігі болды. Неліктен мен бұлай айтып отырмын? Себебі, Баходир боксшы ретінде өзіне өте жауапты. Содан кейін бұл жекпе-жек кәсіби бокстағыдай өтті. Ол рингке қарай жүргенде мен Баходирдің қаншалықты қысылғанын көрдім. Бұл жерде біздің жаттықтырушыларымыз мұны байқап, Қамшыбектің үздіксіз шабуылдауын талап етуі тиіс еді. Бірақ ол тек үшінші раундта ғана осыған мән берді. Әрине, бұл кезде бәрі кеш еді. Өзбек боксшысы жекпе-жектен кейін оған бұл айқас психологиялық тұрғыдан аса қиын болғанын мойындады. Бәрі одан тек жеңісті күтті. Ал жалғыз ғана мықты қарсылас сол кездері Қамшыбек еді. Бірақ осыдан кейін ол тек күшейе түсті. Былтырғы Азиаданың финалында қаншалықты сенімді болғанын есіңізде ме? Керісінше, Қоңқабаев қысылып қалды», - деді Тұрсынғали Еділов.
Оның сөзінше, бұл жерде бапкерлердің жұмысы маңызды.
«Мәселен, Сиднейде Мұхтархан Ділдәбековтің боксын алып қараңыз. Соның алдында кубалықтардан қазақ боксшылары қорқады деген әңгіме болды. Бұл шындық еді. Ширек финалда Кубаның алыбы Рубалкабаны тырп еткізбеді. Сол кезде қазақстандық боксшылар оларды ұруға болатынын білді. Бұл жерде айтпағым, Жалолов өте мықты. Ал Қамшыбекте оған қарсы мүмкіндік көп. Егер оны жарысқа дұрыс дайындап, физикалық және психологиялық тұрғыда реттесе, ол Жалоловтан ұтылмас еді», - дейді Еділов.
Бұдан бөлек, Еділов Қоңқабаевқа жекпе-жек алдында жеңіске жетудің аса маңызды екенін айтып, шабуылды бірінші раундтан бастап қолға алу керектігін алға тартты.
«Мен құраманы жаттықтырмаймын. Бірақ іштегі жағдай сыртқа анық көрініп тұр. Соңғы өткен жекпе-жекте Қоңқабаев Жалоловқа екі раунд бойы мүмкіндік беріп қойды. Тек үшінші раундта ғана шабуылға шықты. Ал, Баходир оқ ататын нысана емес және олай болмайды да. Қазіргі жағдайда оны әуесқой бокстан бір соққымен құлату мүмкін емес. Сондықтан Қамшыбекке бірінші раундтан бастап жұмыс істеу керек. Сол арқылы төрешілерге жеңіске жеткеніңді көрсету қажет», - деді белгілі бапкер.