Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Айтжанов шәкірттері екінші рет Олимпиадаға толық құрамда барады

04.06.2024, 16:51

Бас бапкер 2022 жылғы Әлем чемпионатының нәтижесін қайталай ала ма?

Айтжанов шәкірттері екінші рет Олимпиадаға толық құрамда барады
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Риодан кейін Париж Олимпиадасына боксшыларды толық құрамда апарғалы отыр.

Ол 2010 жылы бас бапкерлікке келгеннен кейін Лондон Олимпиадасына 9 боксшыны апарған еді. Ал, Риода бұл көрсеткішті жақсартып, 10 боксшы жолдама иеленді. Сол сында қазақ боксшылары 4 медаль алған болатын.

Алайда, Айтжанов 2018 жылы Азия Ойындарындағы нәтижеден кейін бас бапкерліктен кетіп, Токио Олимпиадасына тек өз шәкіртінің жеке бапкері ретінде барды.

2022 жылы бас бапкерлікке қайта оралған ол Ташкентте өткен әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Ол жаттықтыратын қазақ боксшыларының 5-і финалға шығып, 4-і чемпион атанды.

Дегенмен, Айтжанов шәкірттері жолдама беретін үш турнирде сенімді ақтап, Париж Олимпиадасының 7 лицензиясын алып отыр. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) сынды боксшылар бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам