Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Қазақ боксшыларының шеберлігі сын көтермейді»: белгілі бапкер отандық боксты сынады

06.06.2024, 15:52

Ол бұған дейін де ұлттық құрама боксшыларын жиі сынайтын

«Қазақ боксшыларының шеберлігі сын көтермейді»: белгілі бапкер отандық боксты сынады
Время

Назым Қызайбайды жаттықтырған белгілі бапкер Жұмабек Өмірзақов қазақ боксшыларының шеберлігі туралы айтып, сыни пікір білдірді. Ол көршілес өзбек боксшыларының техникалық деңгейінің өскенін атап, отандық былғары қолғап шеберлерінің кемшілігі көп дейді.    

«Тәртіп боксты құртады дейді. Бірақ өзбектер шаршы алаңда төбелеседі, ашық түрде емес. Оларда тәртіп, классикалық техникаға толы бокс бар. Кейде өзіміздің боксты ойлап отырып қаламын. Біздікілер қалай жұдырықтасады? Біздің боксшылар қарсы жекпе-жектің не екенін, тоқтату, басын қорғау дегенді білмейді. Егер қарсыласы оны ұра бастаса, басын алып кері шегінудің орнына, оған қарсы жүре береді. Біздікілер тек ұру мен ұрмауды ғана біледі. Мен оларға бұның дұрыс емес екенін үнемі айтамын. Бірақ айтқанның аузы жаман. Егер мен саған жаман екенін айтсам, онда сен жақсы болуы үшін жұмыс істеуің керек. Сауатты жұмыс істей білсең өзіңнің осал тұсыңды жетілдіруге болады. Ми болмаған соң қалай ренжісең де өзің біл. Мен 1967 жылдан бері бокста жүрмін. Ұлттық құрамада жұмыс істедім. Өзім де жұдырықтастым. Біздің қазіргі боксқа қарасам маған қорқынышты бола түседі, - дейді Жұмабек Өмірзақов Sportarena сайтына берген сұхбатында.

Белгілі бапкер бұған дейін ерлер құрамасын сынға алып, Қамшыбек Қоңқабаевқа қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, ол Назым Қызайбайдың өзінен неліктен кеткенін атап, тыңдамайтынын да сұхбатында мәлімдеген еді.

Өмірзақ Жұмабековтің қол астында жаттыққан Назым Қызайбай әлем чемпионтында екі мәрте топ жарып, 2012 жылы қола жүлдегер атанды. Кейін басқа бапкерге ауысқан белгілі боксшы ұзақ уақыт сәтсіздіктен көз ашпады. Таяуда Таиландта аяқталған лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленіп, 50 келіде бақ сынайтын болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам