Бос қыдырыстан тыйып, қызбен кездесуге шектеу қойдым – бапкер Махмұд Сабырхан жайында

15.11.2023, 08:34

Боксшы әлем чемпионы атанды

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның жеке бапкері Ілияс Оралбеков төл шәкіртіне қатысты көптеген жайттарды жария етті. Қол астындағы болашақ чемпионыды жастайынан жаттықтырған ол көптеген қиыншылықтарға қарамастан өз ақшасына тамақ алғанын жеткізді.

Журналист Аслан Қаженовке сұхбат берген ол Махмұдтың өте шағын денелі болғанын атады.

«Ол кезде Махмұд кішкентай еді. Біздің үйде тұрды. Өзіміздің де жағдайымыз мәз болды дей алмаймын. Соған қарамастан оның қазысын, тауық етін айлығымнан жырып алып жүрдім. Соларды күн сайын аз-аздан беріп отырдым. Үйде бала-шаға да одан ауыз тиіп, жегісі келеді. Келіншегім балаларға да берсеңші деген ишара білдіреді. Бірақ мен бермейтінмін. Өйткені олар жесе бітті дей беріңіз. Әрі кеткенде 1-2 күнде тауысып бітеді. Жүйрік атты суытқан атбегі секілді дайындап, тамақты өлшеп беріп жетілдірдік», - деді жеке бапкері сұхбат барысында.

Елімізге еңбек сіңірген Ілияс Оралбеков Махмұдты бос қыдырыстан тыйып, тіпті қызбен кездесуге де шектеу қойғанын жасырмады.

«Махмұд бір әңгімесінде қызы барын айтып қалыпты. Мен оның қызы барын сол кезде бір-ақ білген жайым бар. Әрине, ол сол қызға үйленетін болса, кездесе берсін. Алайда, бос қыдырып жүру, клубқа барып, кез келген уақытта кетіп қалатын болса тыйым саламын. Себебі, спортшының ұйқысы дұрыс болуы керек. Осы ретте Махмұдқа бірінші спортта жетістікке жету керегін айтып отырамын. Сол кезде қыз сен үшін жүгіретін болады деймін. Себебі, бұл нәрселер спортшыға кері әсер етеді», - дейді бапкер.

Махмұд Сабырған бокстан 54 келіде әлем чемпионы. Сонымен қатар, ол 2021 жылы Белградта өткен дүниежүзілік біріншілікте күміс жүлдеге ие болды. Ташкенттен әлем чемпионы ретінде оралған ол кейін 57 келіге ауысып, Астанада өткен «Елорда кубогынгда» жеңіске жетті. Олимпиадалық салмақта Азия ойындарында бақ сынаған ол іріктеу кезеңдерінде ұтылған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?