Спортшы демалыстан оралып, жаттығу лагерінде дайындалып жатыр
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас әлеуметтік желіде кезекті чемпиондық белдікке даярлығын көрсетті.
Спортшы демалыстан оралып, жаттығу лагерінде дайындалып жатыр.
«Демалыс бір күндей өте шықты. Аралды қатты сағынатыным анық, бірақ жұмысқа кірісу керек. Мені кезекті әлем чемпионы атағы күтіп тұр! Жаттығу сұмдық болады: күн сайын кросс, физикалық даярлық, спаррингтер, соққымен жұмыс. Процестен ләззат аламын. Спорт – бұл өмір. Айтпақшы, мен журналдың мұқабасына тағы шықтым», - деп жазды Лукас өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін боксшы қыз шаршы алаңға мамырдың соңында шығып, индонезиялық Харма Йестиді жеңді.