Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бос уақытым көп болды»: Головкин ҰОК басшылығына қалай келгенін айтты

01.07.2024, 10:11

Бұл қызметті Головкинге дейін белгілі олигарх Тимур Құлыбаев атқарып келген

«Бос уақытым көп болды»: Головкин ҰОК басшылығына қалай келгенін айтты
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетін басқарып отырған даңқты боксшы Геннадий Головкин Boxingscene.com тілшісіне берген сұхбатында осынау қызметке қалай келгенін айтты.

Есте болса, Головкин ҰОК-ке биыл ақпан айында президент болып сайланды. Бұған дейін бұл лауазымды қызметті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев атқарып келген.

«Мен өз қызметімді ұсынған жоқпын, олар да маған мұндай ұсыныспен тікелей шыққан жоқ. Сәті түсті. Оның үстіне, мен кәсіпқой мансабымды аяқтап жатқам. Күнделікті жаттығуды азайтып, тиісінше бос уақытым көбейді. Бірақ, спорт мен үшін аса маңызды, жүрегіме өте жақын. Ал, бұл қызмет – елімнің спортын дамытуға үлкен үлес қосудың бір жолы. Мен спортшымын және әрдайым спортшылардың сөзін сөйлеймін, шенеунік емеспін, саясаткер емеспін. Халық үшін, спортшылар үшін еңбек етем. Сондықтан, ҰОК президенттігіне сайлау жарияланған кезде мен өз кандидатурамды ұсынуды жөн деп таптым. Мені сайлады», - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Головкин ҰОК басшылығында қанша уақыт қызмет атқаратынын айтқан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам