Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жеңісін тартып алды: қазақ боксшысы көз жасына ерік берді

05.07.2024, 17:19

Жерлесіміз бастапқы екі раундты өз пайдасына шешіп жатқан

Жеңісін тартып алды: қазақ боксшысы көз жасына ерік берді
ulus.media

Қазақстандық боксшы Темірхан Жолмахан Ресейдің Якутск қаласында өтіп жатқан «Азия балалары» турнирінің финалында жеңіліс тапты.

52 келіде өнер көрсететін қазақстандық жасөспірім финалға дейін жетті. Жергілікті Айсен Неустроевпен кездескен жерлесіміз бастапқы екі раундты өз пайдасына шешіп жатқан (5:0; 4:1), алайда төреші жеңісті шаршы алаң иесіне берді.

«Үшінші раундта Темірхан үш рет капасын түсіріп алды. Біреуінде, видеодан көргендеріңіздей, соққы алмасу да болған жоқ. Бірақ бұл үшін төреші ұпайын алып қойды. Есеп – 29:27, 28:28, 28:28, 28:28, 27:29. Нәтижесінде бас төреші дауыс беру арқылы жеңісті жергілікті боксшыға берді», - деп жазды журналист Аян Төлеген өзінің Telegram-арнасында.

Осыдан соң бапкер төреші әділетсіздік жасады деп наразылық білдірді. Ал Темірхан Жолмаханның өзі шаршы алаңда көз жасына ерік берді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам