Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Қоңқабаев Жалоловты жеңе алады». Василий Жиров Қамшыбекке өз кеңесін айтты

06.07.2024, 21:43

Аса ауыр салмақтағы екі боксшы биыл Париж Олимпиадасында тағы жолығуы мүмкін

«Қоңқабаев Жалоловты жеңе алады». Василий Жиров Қамшыбекке өз кеңесін айтты
Vesti.kz

Бокстан Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров Қамшыбек Қоңқабаевқа өзбек боксшысы Баходир Жалоловты қалай жеңуге болатынын айтты.

Аса ауыр салмақтағы екі боксшы биыл Париж Олимпиадасында тағы жолығуы мүмкін. 

«Қамшыбектің Баходирді жеңе алатын мүмкіндігі бар. Бастысы, дұрыс бағдар жасап, жекпе-жек дейін визуальды тұрғыда өзіне сенімін арттыру керек. Сол кезде басым түсетін болады», - дейді Василий Жиров. 

Айта кетейік, Василий Жиров әуесқой бокста 1996 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Вэл Баркер кубогының иегері. Ал кәсіпқой бокста IBF, WBO тұжырымдары бойынша əлем чемпионы, WBC тұжырымы бойынша Америка чемпионы. Кəсіпқой бокс рингіне 1997-2009 жылдар аралығында 48 рет көтеріліп, соның 38-інде жеңіске жеткен. 32 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған атақты нокаутерлердің бірі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам