Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Сотта жеңілді»: Данияр Елеусінов пен менеджер арасындағы дау кімнің пайдасына шешіледі?

22.11.2023, 17:46

Даниярдың өзі сотта тәжірибесі жоқ екенін айтып отыр

«Сотта жеңілді»: Данияр Елеусінов пен менеджер арасындағы дау кімнің пайдасына шешіледі?
tengrinews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов бұған дейін өзі айыптаған менеджермен арадағы «құлдық келісім» аясында сот отырысының алдын ала тыңдауында жеңілді. Tengri Sport порталының жазуынша, екі жақ арасындағы туындаған кикілжің сотқа жетіп, нәтижесінде қарсы тараптың ұпайы түгел болып отырған көрінеді.

Рио олимпиадасының чемпионы Boxing Stars компаниясының менеджерлерін сынға алып, олармен бірлесіп жұмыс істеуден бас тартқан еді. Оның ішінде Зия Әлиев, Элвис Креспо және Джо Кьябо бар. 

«Сот әлі жалғасып жатыр. Әзірге тек алдын ала тыңдаулар өтті. Өкініштісі сол, бізде тек біржақты келісімшарт қана жасалды. Ал қарсы тарап енді ерегісіп отыр, менің ішкі дауды сыртқа шығарғаныма наразы, алдын ала келісіп алуымызға болар еді дейді.

Бірақ, маған 571 мың доллар төлеуің керек деп алдыма қағаз қойғанда біз қалай келісер едік?! Мен осыны түсіне алмадым. Енді бұл соманы азайтуға болады екен. Егер біз келісе алсақ, менде оларға ешқандай өкпе-реніш болмайды. Бұл менің соттағы алғашқы тәжірибем болып отыр», - деді Данияр Елеусінов.

Данияр Елеусінов 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіде жеңімпаз атанды. Ол қазақ боксшылары арасында Азия Ойындарының екі дүркін жеңімпаз атанған әзірге жалғыз боксшы. Әлем чемпионатының жеңімпазы және күміс жүлдегері. Сондай-ақ, ол Азия біріншілігін де екі мәрте ұтқан. Бұдан бөлек, АІВА-ның (қазіргі ІВА - ред.) таңдауы бойынша 2013 және 2014 жылдардағы үздік боксшысы.

Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан спортшы 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның алтауында қарсыласын уақытынан бұрын ұтты. Сондай-ақ, ол 2021 жылы ІВО нұсқасында әлем чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам