Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Боксшы қыздар Олимпиада алдындағы соңғы дайындыққа кірісті

13.07.2024, 14:29

Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады

Боксшы қыздар Олимпиада алдындағы соңғы дайындыққа кірісті
instagram.com/boxingkazakhstan

Әйелдер құрамасы Олимпиада Ойындарына дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті.

Алматы облысындағы бұл кезеңде бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.

Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.

Сонымен қатар, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.

Спарринг серіктестер:
50 келі. Гүлнар Тұрапбай
57 келі. Жайна Шекербекова
75 келі. Жасмин Қизатова

Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам