Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Екі дүркін чемпион»: букмекерлер Жалоловты Олимпиаданың басты фавориті деп атады

14.07.2024, 01:20

Қамшыбек Қоңқабаев та фавориттер қатарында тұр

«Екі дүркін чемпион»: букмекерлер Жалоловты Олимпиаданың басты фавориті деп атады
Olympic.uz

Париж Олимпиадасы қарсаңында бокстан аса ауыр салмақта кімнің топ жаруы мүмкін екені мәлім болды. Букмекерлік кеңселер +92 келіде өзбекстандық Баходир Жалоловтың Парижде сөзсіз чемпион боларына сенімді.

Өзбек боксшысы бұған дейін Токио Олимпиадасында жеңімпаз болған еді. Енді ол Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануы мүмкін. Ал, Өзбекстан тарихында әлі бірде-бір спортшы мұндай жетістікке жетіп көрмеген.

Букмекерлер Қамшыбек Қоңқабаевты да фавориттер қатарына жатқызып отыр. Сарапшылардың пікірінше, Жалолов сүрінген жағдайда қазақ боксшысы чемпион атануы тиіс. Тіпті, өзбек мамандары тарапынан Қамшыбек Баходирді жеңіп кетуі мүмкін деген де болжамдар айтылған.

Ал, фавориттер үштігін аустралиялық Теремоана Самсон қорытындылады. Одан кейін германиялық Нелви Таифак, бесінші орынға америкалық Джошуа Эдвардс тұрақтаған. 

Аса ауыр салмақта бәсі бар боксшылардың ең соңында эквадорлық Герлон Конго тұр. Оның Олимпиада чемпионы атану мүмкіндігі 180 коэффициентке бағаланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам