Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Қазақ стилі» қайда?» Олимпиада чемпионы бокстағы ерекше тәсілдің жоғалып кеткенін атады

23.11.2023, 13:12

Ұлттық құрама соңғы Азия ойындарында алтын медальсыз қалды

«Қазақ стилі» қайда?» Олимпиада чемпионы бокстағы ерекше тәсілдің жоғалып кеткенін атады
Фотода: Анатолий Апачинский және Бақыт Сәрсекбаев

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазіргі боксшылардың ерекше стильді жоғалтып алғанын айтып, оларды сынға алды. Әлеуметтік желіде жазба жариялаған ол осыдан 20-25 жыл бұрынғы қазақ боксшыларының жойқын соққысы туралы айтқан.

Бақыт Сәрсекбаев қазір «қазақ стилі» деп алатын жойқын соққылар сериясын бүгінде көптеген боксшылар пайдаланбайтынын атады.

«Бокстың барлық жанкүйерлеріне 2000 жылдардың басындағы Жиров, Ниязымбетов, Ибраимов, Оразалиев, Жұмаділов, Саттарханов сынды боксшылардың жекпе-жектерін тамашалауға кеңес беремін. Мұндағы жекпе-жектерде боксшылардың қапталдан жасайтын соққылары, қарсыластан бұрын ұру, психологиялық қысым және босаңсымайтын ерік-жігерлерін анық байқайсың. Бұл «қазақ стилі» еді. Біз сол кездегі жас боксшылар олардың шеберлікке тәнті болдық және осы соққыларға қарап жаттығып, осы стильді үйрендік. Қазір бұл шеберлік қайда? Баяғы «қазақ стилі» қайда? Неліктен әлем чемпиондары өздерінің әлем чемпионы екенін дәлелдей алмайды? Қазіргі құрамаға қазақтың әйгілі, қайталанбас стилін қайтаруға бола ма, ол жағын білмеймін...», - деп жазды боксшы.

Қазіргі уақытта бокстан Қазақстан құрамасында Олимпиада ойындарының екі жүлдегері, 7 әлем чемпионы өнер көрсетеді. Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын былғары қолғап шеберлері таяуда Қытайда аяқталған Азия ойындарында алтын медаль иелене алмаған болатын. Олардың арасында Асланбек Шымбергенов қола жүлдегер болса, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев күміс медальмен оралды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам