Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Нокаутпен жеңерім сөзсіз»: Жәнібек Әлімханұлы Чарлоға жауап берді

23.11.2023, 12:00

Америкалық боксшы Жәнібекпен жекпе-жек өткізуді қалайтынын айтқан

«Нокаутпен жеңерім сөзсіз»: Жәнібек Әлімханұлы Чарлоға жауап берді
коллаж: 1bol.kz

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 KO) бұған дейін Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 11 KO) оңай жеңіп, абсолютті чемпион болатынын мәлімдеген болатын. Дәл осы салмақта қазақ боксшысы WBO және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі.

«Кімнің титулы бар, соның бәрімен жекпе-жек өткізгім келеді. Ең бірінші кезекте әлгі жігіт, атын ұмытып тұрмын, иә Жәнібекпен кездессем деймін. Оны жеңгеннен кейін абсолютті чемпиондыққа жақындаймын», - деген еді Чарло Showtime тілшісіне берген сұхбатында.

Жәнібектің жауабы көп күттірген жоқ. Осы мәлімдемені ести сала қазақ боксшысы өзінің Instagram-парақшасында Чарлоға қарсы жауап жазды.

«Чарло? Мен оны оп-оңай құлата алам. Чарломен жекпе-жек болса, Жәнібек оны жеңе алады ма деген сұрақ ешкімде болмайды! Көптәі көкейінде тек «Чарлоны Qazaq style қай раундта қандай соққымен құлатады екен?» деген сұрақ қана болады! Мен қазір өз биігімдемін. Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді», - деп жазды Әлімханұлы.

Айта кетейік, Чарло 25 қарашада Лас-Вегаста жерлесі кіші Хосе Бенавидеспен 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам