Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Олимпиадаға бара алмай қалған Санжар Тәшкенбай соққысының қуатын көрсетті

22.07.2024, 21:40

Ол Instagram парақшасында соққысының жылдамдығын көрсеткен

Олимпиадаға бара алмай қалған Санжар Тәшкенбай соққысының қуатын көрсетті
instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай командалас әріптестері Олимпиадаға аттанғанда жаттығуын тоқтатпай дайындалып жатқанын көрсетті.

Ол Instagram парақшасында соққысының жылдамдығын көрсеткен. Боксшы груша ұрып жатқан сәтінен видео жүктеді. Санжар шабуыл жасағанда және қорғанған кездегі жылдам соққылардың ұзақ комбинациясын орындады. Видеоның астына пікір жазғандар 21 жастағы боксшының қабілетін жоғары бағалап жатыр. Арасында әзілдегендер де бар.

«Жақсы ұрады екенсің, боксқа қатысып көрсең дұрыс», «Зеңбіректің оғындай», «Бауырым, қанатың талмасын», «Тигр», «Неге газель айдамайсың?», «Әттең тонның келтесі-ай, Сәкен екеуі бір салмаққа түсіп қалды», «Чемпион сияқты ұрып тұр», «Аллам тіл көзден сақтасын», «Қазақтың Гарсиясы», «Блогерлердің жанында емес, Олимпиадада жүретін бала ғой», «Болашақ Олимпиада чемпионы», - деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Кейін салмақ ауыстырып, 51 келіде Олимпиадаға барғысы келгенімен, Қазақстандағы іріктеуде Сәкен Бибосыновтан өте алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам