Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Нұрбек Оралбайдың қарымды қарсыластары кім?

25.07.2024, 18:40

Нұрбек Оралбай өз салмағының үздіктерінің бірі саналады

Нұрбек Оралбайдың қарымды қарсыластары кім?
Туризм және спорт министрлігі

Бокстан Париж Олимпиадасында 80 келіде Нұрбек Оралбайдың қарымды қарсыластары көп. Олардың арасында Олимпиада жүлдесін алған үш боксшы және әлем чемпионатында күміс медаль иеленген тағы бір атлет бар.
 
Өткен жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған Нұрбек Оралбай өз салмағының үздіктерінің бірі саналады. Алайда оған Парижде екі дүркін Олимпиада чемпионы, кубалық Арлен Лопес, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, украиналық, Александр Хижняк, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс медаль иегері, филиппиндік Эумир Марсяль және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия Ойындарының жеңімпазы, Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтабек Таңатқан қарсылас атанып отыр. Бұдан бөлек, Өзбекстан, Әзірбайжан боксшыларының бәсі биік.
 
Биыл Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде жолдама иеленген отандасымызды спорт сарапшылары жоғары бағалап отыр. Алдын ала болжам бойынша Нұрбек Оралбай үздік үштікке енеді. Букмекерлік кеңселер бәс бойынша оны Олимпиада чемпионы атануы мүмкін үшінші боксшы ретінде атаған. Тізімнің көш басында Украина өкілі тұрса, одан кейінгі сатыда Куба боксшысы Арлен Лопес тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам