“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Париж-2024: Айбек Оралбай нигериялық боксшыны жеңіп, келесі айналымға шықты

28.07.2024, 15:12

Үш раундта да барлық төреші жеңісті Айбекке берген

Париж-2024: Айбек Оралбай нигериялық боксшыны жеңіп, келесі айналымға шықты
Қазақстан бокс федерациясы

Париж Олимпиадасында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр. -92 келіде өнер көрсететін Айбек Оралбай бірінші айналымда нигериялық Олайтан Адам Олаорды жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды.

Қазақстандық боксшы үш раундта да қарқынын түсірмей, толықтай басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілер үш кезеңде де жеңісті Айбек Оралбайға берді, қорытынды есеп – 5:0.

Айта кетейік, күні кеше 63,5 келіде өнер көрсететін Мұхамедсабыр Базарбайұлы да бірінші айналымда жеңіске жеткен болатын. Испан боксшысын ұтқан жерлесіміз екінші айналымға шықты.

Бүгінгі жарыс күнінде тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Алдымен 71 келіде команда капитаны Асланбек Шымбергенов иорданиялық Зеяд Ишаиштың әлеуетін байқап көрсе, артынша Назым Қызайбай (50кг) италиялық Джордана Соррентиномен жұдырықтасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам