Бұл салмақта жұдырықтасадық қазақстандық Айбек Оралбайдың медаль алуға мүмкіндігі арта түсті
Париж Олимпиадасында кезекті сенсация тіркелді. Бұл жолы бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Хулио Сесар ла Крус (92 кг) әзірбайжандық Лорен Альфонсо Домингестен жеңіліп қалды.
Айта кету керек, Домингес те кубалық боксшы, ол азаматтығын ауыстырып, Әзірбайжан атынан жұдырықтасып жүр.
Бірінші раундта Ла Крус басымдық танытып, 4:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал, екінші раундта Домингестік соққылары қарсыласына көбірек дарып, төрешілер оны жеңді деп дауыс берді. Шешуші үшінші кезеңде әзірбайжандық боксшы жеңіске деген құштарлығын ашық көрсете алды. Ол рингте белсенді қозғалып, әйгілі кубалықтан қарағанда тың көрінді. Тиісінше, төрешілер де жеңісті Домингеске берді.
Енді ширек финалда әзірбайжандық боксшы қазақ Айбек Оралбаймен жұдырықтасады. Бұгін жерлесіміз нигериялық боксшы Олайтан Олаорені жеңген болатын.