Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Оралда бокстан жастар арасында ел чемпионаты өтеді

28.11.2023, 10:49

Жарыс 3 желтоқсанда мәресіне жетеді

Оралда бокстан жастар арасында ел чемпионаты өтеді
olympic.kz

Бүгін Оралда бокстан жастар арасында ел чемпионаты басталады. Ұлттық құрама боксшыларын іріктейтін байрақты бәсеке шын таланттарды іріктейді деп күтіліп отыр.

28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтетін сын 46, 48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92, +92 келі салмақ дәрежелерінде өтпек. Еліміздің барлық өңірінен қатысатын жиырмаға жуық құрамадан 271 боксшы сынға түсетін болады.

Орал қаласында жастар арасындағы ел чемпионаты 2013 жылы өткен болатын. Сондай-ақ, 2021 жылы ересектер арасында Қазақстан біріншілігі де осы қалада ұйымдастырылды.

Сол жолы жастар арасындағы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіде ел чемпионы атанып, финалда Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Даниал Сәбиттен басым түскен еді. Сондай-ақ, ағайынды Айбек және Нұрбек Оралбайлар да БҚО-да өткен ел чемпионатында топ жарған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам